Азим Муллаханов ауыр қайғыға ұшырады

Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Мұқими атындағы Өзбекстан мемлекеттік академиялық музыкалық театрының басшысы Азим Муллаханов ауыр қайғыға ұшырады. Әншінің ұлы Исломбек Муллаханов қайтыс болды. Бұл туралы Мұқими атындағы Өзбекстан мемлекеттік академиялық музыкалық театрының ұжымы хабарлады.
Азим Муллаханов бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде балалары — Азизахон, Ферузбек және Исломбектің өнерге жақын екенін, бірақ олардың ешқайсысы шығармашылық жолды таңдамағанын, барлығы басқа салаларда еңбек еткенін айтқан болатын.
«Менің Азизахон, Ферузбек, Исломбек есімді балаларым бар. Олар өнерге қызығушылық танытты, бірақ қиналмасын деп «Басқа мамандық таңдаңдар» дедім. Олар мамандық таңдайтын кезде әртістер үшін өте қиын кезең еді. Көпшілік әртістердің табысы жоғары деп ойлайды. Сондықтан базарға барсаңыз, бағаны екі есе қымбат айтады. Барлық әртіс үлкен тойлардан қомақты қаражат алмайды. Теледидардан көрініп жүргендердің арасында да қарапайым театр жалақысына жұмыс істейтіндер көп. Сол себепті балаларымның өнер саласына кіруін қаламадым», — деген еді әнші.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз