Үнді актрисасы Мадхури Дикшит жұбайы Шрирам Ненемен бірге (фото)

Болливудтың танымал актрисасы Мадхури Дикшит жұбайы, белгілі кардиохирург доктор Шрирам Ненемен 1999 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде олардың екі ұлы бар, ал биыл отау құрғандарына 27 жыл толды.
Бір қызығы, ерлі-зайыптылар алғаш рет АҚШ-та танысқан. Ол кезде Шрирам Нене Мадхури Дикшиттің Үндістандағы ең танымал актрисалардың бірі екенін мүлде білмеген. Себебі медицина саласындағы жұмысына байланысты ол үнемі оқумен және қызметімен айналысып, үнді фильмдерін дерлік көрмеген. Тіпті сол уақытта өзі білетін жалғыз үнді актері Амитабх Баччан болған.
Кейін Мадхуримен жақын араласқан соң, Шрирам Нене актриса түскен фильмдердің бәрін бірінен соң бірін көріп шыққан. Қазір олардың екі ұлы білім алып, кәсіби қызметіне байланысты АҚШ-та тұрады. Шрирам Нене де Америкада ұзақ жылдар өмір сүрген. Алайда Мадхури Дикшит Болливудтағы қызметін жалғастыру үшін Үндістанға оралғанда, жұбайы да онымен бірге Үндістанда тұруды таңдаған.
Бүгінде Мадхури Дикшит пен Шрирам Нене Болливудтағы ең берік әрі көпшілік қызығатын жұптардың бірі саналады.




















Пікірлер 0
…