date

Челси драмалық ойында Ливерпульді жеңді

Челси драмалық ойында Ливерпулді жеңді

Англия Премьер-Лигасының 7-турындағы басты кездесуде "Челси" өз алаңында "Ливерпулді" 2:1 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде 14-минутта Мойсес Кайседо командасын алға шығарды. "Ливерпуль" 63-минутта Коди Гакпо арқылы есепті теңестірді, бірақ ойынның 90+5-минутында Эстеван Виллиан шешуші гол соғып, "Челсиға" маңызды 3 ұпай әкелді.

Статистика жағынан ойын тең өтті — екі команда да 12 рет соққы берді, алайда "Челси" дәлдікте басым болды (6 дәл соққыға қарсы 2).

Ойын статистикасы:

• Соққылар: 12 – 12

• Дәл соққылар: 6 – 2

• Допты бақылау: 54% – 46%

• Пасстар: 500 – 444

• Пас дәлдігі: 82% – 82%

• Фолдар: 10 – 8

• Сары карточкалар: 0 – 2

• Бұрыштар: 7 – 2

Жеңістен кейін "Челси" турнир кестесінде 11 ұпаймен 6-орынға көтерілді, "Ливерпуль" болса 15 ұпаймен 2-сатыда қалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Челси драмалық ойында Ливерпульді жеңді