Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі “F” тобындағы маңызды кездесуде Португалия мен Венгрия ұлттық құрамалары күш сынасты. Ойын 2:2 есебімен аяқталды және тараптар ұпайларды бөлісті.
Венгрия есепті 8-минутта Аттила Салай арқылы ашты, бірақ Португалия капитаны Криштиану Роналду 22 және 45+3 минуттарда қатарынан екі гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді.
Алайда ойынның 90+1-минутында Доминик Собослай соққан гол Венгрияға маңызды тең нәтижені сыйлады.
Ойында Португалия басым болды:
• Жалпы соққылар: 20 (8 қақпаға)
• Допты бақылау: 66%
• Пас саны: 602 (дәлдігі 90%)
• Бұрыш соққылар: Португалия – 5, Венгрия – 4
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар