date

Хендерсон «Ливерпуль»дің қатарынан 4 жеңілісін түсіндірді

Хендэрсон “Ливерпульдің” қатарынан 4 жеңілісін түсіндірді
"Брентфорд" жартылай қорғаушысы Джордан Хендэрсон "Ливерпульдің" соңғы ойындардағы мәселелері туралы пікір білдірді. Ол бұрынғы командасының нәтижелері әлсірегенін мойындады, бірақ "Ливерпульдің" әлі де мықты екенін атап өтті.

Euro-football.ru жазуына қарағанда, Хендэрсон бұл пікірлерін TNT Sports-пен сұхбатында айтты. Арне Слот басқаратын "Ливерпуль" барлық турнирлерде соңғы алты ойынның бесеуінде жеңіліп қалды.

Ал Англия Премьер-лигасында "қызылдар" қатарынан төрт матчта ұтылды. Соңғы жеңіліс "Брентфордқа" қарсы жексенбі күні болды және 2:3 есебімен аяқталды.

Хендэрсон "Ливерпуль" сапында әлсіз тұстарды байқамағанын айтты. Ол команданың әзірге нәтижелерде қиындыққа тап болып отырғанын, бірақ жақында ойынын қалпына келтіріп, табысқа жететініне сенім білдірді.

Хендэрсон "Ливерпульде" 12 жыл ойнап, бірнеше жыл команда капитаны болған. Қазіргі уақытта, Премьер-лига кестесінде "Ливерпуль" тоғыз турдан кейін алтыншы орында тұр.

"Брентфорд" болса оныншы сатыда орналасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Хендерсон «Ливерпуль»дің қатарынан 4 жеңілісін түсіндірді