date

Өзбекстандық төрешілер Аргентина мен Бельгия ойынын басқарады

Өзбекстандық төрешілер Аргентина мен Бельгия ойынын жүргізеді
Өзбекстан Футбол Ассоциациясының баспасөз қызметі ресми хабар жариялады. Белгілі болғандай, биылғы жылдың 3 қарашасында Аргентина және Бельгия ұлттық құрамалары арасында футбол кездесуі өтеді.

Аталған кездесу 17 жасқа дейінгі командалар арасындағы Әлем чемпионатының бірінші туры аясында өтеді. Бұл ойынды өзбекстандық төрешілер бригадасы басқаратыны айтылған.

Кездесудің бас төрешісі Рустам Лутфуллин болады. Оған көмекші төреші ретінде Санжар Шойүсіпов пен Акмал Ғиасов тағайындалған.

17 жасқа дейінгі командалар арасындағы Әлем чемпионаты 3 қарашадан 27 қарашаға дейін Катар мемлекетінде өтеді. Барлық кездесулер Әл-Райан қаласындағы "Aspire Zone" спорт кешенінде өткізіледі деп жоспарланған.

Турнирдің финалы осы кешен құрамындағы "Халифа" стадионында өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстандық төрешілер Аргентина мен Бельгия ойынын басқарады