date

Филипп Лам: Мусиала қайтып келуi пайда әкеле ме?

Филипп Лам: Мусиаланың қайтуы пайда әкеле ме?
«Баварияның» бұрынғы атақты қорғаушысы Филипп Лам жарақат алған Джамал Мусиаланың жағдайына пікір білдірді. Жұлдызды шабуылшы жартылай қорғаушы Клубтар арасындағы әлем чемпионаты аясында ПСЖ-ға қарсы өткен жазғы ойында ауыр жарақат алып, маусымның бірінші жартысынан тыс қалды.

Соған қарамастан, Мюнхен клубы негізгі ойыншысы болмаса да тамаша нәтижелерге жетіп жатыр – 16 ойында 16 жеңіс. «Мусияла қайтып келгеннен кейін «Баварияны» бақылау қызықты болады.

Қазіргі кезде команда тұрақты ойын көрсетіп жатыр және оның жоқтығында да жақсы ойын көрсетуде. Шабуыл Гарри Кейннің төңірегінде құрылған және ол үнемі гол соғуда.

Мусияла – команданың ең көп жалақы алатын ойыншыларының бірі, ол келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты. Иә, ол дарынды әрі ерекше футболшы, бірақ сұрақ – Компани оны жүйені одан әрі жетілдіру үшін қаншалықты икемдей алады?

Я болмаса, керісінше, бұл команданың үйлесімділігін бұзып жіберуі мүмкін бе?» – деп Филипп Ламның сөздерін келтіреді The Touchline. Джамал Мусияланың алаңға оралуы желтоқсан немесе қаңтар айларына жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Филипп Лам: Мусиала қайтып келуi пайда әкеле ме?