8 жасында бойы 198 см еді: Каран Сингх енді 2,5 метрге жуық бойымен жұрт назарында!

Үндістандық Каран Сингх бала кезінен бойымен жұрт назарында болып келеді. Ол 8 жасында бойының 198 сантиметр болғаны туралы жаңалықтардың басты тақырыбына айналған еді.
Қазір бойы 250 см-ге жуықтады
17 жастағы Каран жақында әлеуметтік желідегі парақшасында бойының шамамен 8 фут 2 дюйм — 250 сантиметр екенін мәлімдеді.
Оның WWE аңызы Ұлы Халимен кездесуі түсірілген видео интернетте үлкен қызығушылық тудырды.
Видеода Каран Сингх тіпті Ұлы Халиден де бойшаң көрінеді. Хали онымен сөйлесу үшін басын жоғары көтеруге мәжбүр болған.
«Әлі де өсіп жатыр» деген хабарлар тарады
Шетелдік БАҚ Каран Сингхті бойы шамамен 2,5 метр болатын 17 жастағы жігіт ретінде атап жатыр. Кейбір хабарларда оның бойы әлі де өсіп келе жатқаны айтылған.
Ал әлеуметтік желілерде оның суреттері мен видеоларының астында түрлі пікірлер жазылып жатыр.
Сіздіңше, Каран Сингхтің бойы тағы қанша өсуі мүмкін?




















Пікірлер 0
…