date

Экитике: Слот тек қана көмектескісі келеді


“Ливерпуль” орталық шабуылшысы Уго Экитике, мерсисайдтықтардың бас бапкері Арне Слоттың талаптарына өз пікірін білдірді. “Кейде өзіңді мазасыз сезінесің, бұл біраз жүйкеңді тоздырады.

Бірақ мен білемін, Слот мені және команданы тек жақсы болсын деп ойлайды. Ол тек көмектескісі келеді, сондықтан мен мұны теріс қабылдамаймын”, — деп футболшының сөзін The Telegraph жеткізеді.

Француз шабуылшысы осы жазда Франкфурттің “Айнтрахт” клубынан “Ливерпуль” командасына ауысқан еді. Трансфер құны 95 миллион еуроны құрады.

Ол “қызылдар” сапында барлық жарыстарда 15 ойын өткізіп, 6 гол соғып және 1 ассист жасады. Бүгін, 9 қараша күні, “Ливерпуль” Англия Премьер-лигасының 11 турында сырт алаңда “Манчестер Ситиге” қарсы ойнайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Экитике: Слот тек қана көмектескісі келеді