
Каталониялық "Барселона" клубының екі футболшысы өз мансабын Ыстанбұлдың "Фенербахче" командасында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Haberler басылымы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, түркиялық мықты клуб "Барселонаның" орталық шабуылшысы Роберт Левандовски мен қорғаушысы Андреас Кристенсенге қызығушылық танытуда. Аталған футболшылардың "көк-гранаттықтармен" келісімшарты келесі жылдың жазында аяқталады.
Сол себепті, бұл футболшыларды келесі жазда тегін алуға мүмкіндік бар. Түркия чемпионатының 12-турынан кейін "Фенербахче" 28 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.