date

Флик Мессидің суретіне пікір білдірді


Барселона бас бапкері Ханс-Дитер Флик Лионель Месси туралы өз пікірін білдірді. Жақында аргентиналық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасына "Камп Ноу" стадионындағы суретін жариялаған болатын.

"Мессидің "Камп Ноуға" қайтып келген суретін көріп, қандай сезімде болдыңыз? Оған бапкерлік етуді қалар ма едіңіз?" деген сұраққа Флик былай жауап берді: "Неге болмасын?

Соңғы он жылда, бәлкім одан да ұзақ уақыт ішінде ол ең үздік футболшы болып саналады. Мен әрқашан оның ойынын бағалағанмын.

Бірақ ол 2028 жылға дейін келісімшартпен болса, ал менің мерзімім 2027 жылға дейін. Сондықтан бұл сұрақ маған қатысты емес", – деді Флик баспасөз конференциясында.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Лионель Месси "Интер Майамимен" келісімшартын ұзартқан еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флик Мессидің суретіне пікір білдірді