date

Луис Диас Чемпиондар лигасында 3 ойынға шеттетілді


UEFA "Бавария" футболшысы Луис Диасқа қатысты шешім шығарды. Ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-турында "ПСЖ"-ға қарсы ойын кезінде қызыл карточка алған болатын.

28 жастағы футболшы париждіктердің қорғаушысы Ашраф Хакимиге қатысты дөрекілік көрсеткені үшін алаңнан шеттетілді. Марокколық Хакими де ауыр жарақат алып, ойынға жалғастыра алмады.

Sky Sport мәліметіне сәйкес, UEFA-ның соңғы шешіміне байланысты Диас Чемпиондар лигасындағы алдағы үш матчтан шеттетілді. Осыған байланысты "Бавария" колумбиялық футболшысыз 26 қараша күні "Арсенал", 9 желтоқсан күні "Спортинг" және 21 қаңтар күні "Юнион Сент-Жиллуаз" командаларына қарсы ойындарда алаңға шықпайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Луис Диас Чемпиондар лигасында 3 ойынға шеттетілді