
Италия чемпионатында "Милан" клубының намысын қорғап жүрген хорваттық жартылай қорғаушы Лука Модрич атақты француз футболшысы және жаттықтырушысы Зинедин Зидан жайында өз пікірін білдірді. "Чемпиондар лигасында қатарынан үш жеңіс.
Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіргенде, назарымыз тек Зиданға ауатын. "Зизу" жаттықтырушы ретінде ерекше болды.
Одан өзгеше бір аура шығатын. Ол футболды мінсіз деңгейде түсінетін еді.
Біз онымен бірге тамаша уақыт өткіздік", — дейді Модрич Footmercato басылымына берген сұхбатында. Ақпарат үшін, Зидан қатарынан үш рет Мадридтің "Реал" клубын УЕФА Чемпиондар лигасында жеңіске жеткізген.
Француз жаттықтырушысы "Корольдік клубты" 2021 жылы тастап кеткен.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.