date

Пари Сен-Жермен Мбаппенің қарызын 100 млн еуродан асыруы мүмкін


Kилиан Мбаппенің өкілдері RMC Sport басылымына хабарлауынша, ПСЖ футболшыға төлеуі тиіс жалпы сома 100 миллион еуро шамасында болуы мүмкін. Бұған дейін Париж соты клубтың футболшыға қатысты талап-арыздарын толығымен жоққа шығарып, париждік клубты шабуылшыға шамамен 61 миллион еуро көлеміндегі қарызды төлеуге міндеттеген еді.

Бұл сома Мбаппенің Мадридтің “Реал” клубына еркін агент ретінде ауысуына дейінгі кезеңге қатысты. Футболшының заңгерлерінің бағалауынша, төленбеген бонустар мен жалақыны қосқанда, клубтың жалпы қарызы 100 миллион еуродан асып кетуі мүмкін.

Алайда салықтар мен әлеуметтік аударымдар себепті Мбаппенің қолына әлдеқайда аз қаржы тиеді — шамамен 25–26 миллион еуро. Сондай-ақ бұған дейін Мбаппе ПСЖ-дан 253 миллион еуро талап еткені, ал клуб футболшыға қарсы қаржылық талап-арыздар қойғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Пари Сен-Жермен Мбаппенің қарызын 100 млн еуродан асыруы мүмкін