date

Өзбекстанның жас шахматшылары әлем чемпионатында көш басында

Өзбекстанның жас шахматшылары әлем чемпионатында абсолютті көшбасшы

2025 жылғы 15–21 желтоқсан күндері Түркияның Анталия қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша Әлем чемпионаты өтті. 9 жастан 17 жасқа дейінгі дарынды оқушылар қатысқан бұл беделді жарыста Өзбекстан құрамасы өзінің нағыз үздіктер қатарында екенін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша, отандастарымыз барлығы 12 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте абсолютті бірінші орынға ие болды. Бұл нәтиже тек сандармен ғана емес, елдегі шахмат мектебінің күннен күнге нығайып келе жатқанының айқын дәлелі болып табылады.

Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы жарыстарда отандастарымыз тұрақты ойын, жоғары дайық және психологиялық беріктікпен ерекшеленді. Рапид және блиц сияқты жылдам форматтарда жеңіске жету кез келген шахматшы үшін оңай емес, бірақ өзбекстандық жастар бұл сынақтан да сәтті өтті.

Жүлдегерлермен танысыңыз:

U-17 (ұлдар):

— Омонов Асрор — рапид түрінен алтын медаль

— Абдухакимов Акбарали — блицте қола медаль

U-15 (ұлдар):

— Бекмұрадов Хұмойүн — рапидтен алтын, блицтен қола медаль

U-13 (ұлдар):

— Ботиралиев Абдумәжид — рапидте күміс медаль

U-9 (ұлдар):

— Нематиллахонов Нұрмұхаммад — рапидте қола медаль

U-17 (қыздар):

— Халилова Мәдина — блицте алтын, рапидте күміс медаль

U-15 (қыздар):

— Олимова Рукия — рапидте алтын медаль

U-13 (қыздар):

— Комилжонова Лазизабону — блицте алтын медаль

— Хикматхонова Моҳинұр — блицте қола медаль

Бұл жетістіктер Өзбекстан шахматы үшін тағы бір тарихи қадам болды. Жастардың осындай жеңістері — алдағы үлкен табыстарға берік негіз. Қысқасы, шахмат тақтасында Өзбекстанның аты тағы да асқақтап естілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстанның жас шахматшылары әлем чемпионатында көш басында