date

Мусиаланың ауыр жарақаттан кейін алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Мусиаланың ауыр жарақаттан кейін алаңға қашан оралатыны белгілі болды

«Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала ауыр жарақаттан кейін қалпына келу үдерісін жалғастырып жатыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарбереді.

Bild журналисі Тоби Альтшэфльдің мәліметінше, футболшы асқыну қаупін азайту үшін алаңға асықпай, кезең-кезеңімен оралады. Мусиала қаңтарда толық командалық жаттығуларға қайта оралып, айдың соңына қарай матчтарда көрінуі мүмкін. Оның ойын минуттары, жаттығу қарқындылығы мен жүктемелері біртіндеп арттырылады.

Мусиала Чемпиондар лигасының плей-оффы басталғанға дейін ең жақсы спорттық формаға келуді мақсат етеді.

Еске салайық, ол биыл шілде айында клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы ойында «ПСЖ» қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен соқтығысқаннан кейін кіші жіліншік сүйегін сындырып, тобық буынын шығарып алған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мусиаланың ауыр жарақаттан кейін алаңға қашан оралатыны белгілі болды