Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Иран клубына ауысты

Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев мансабын Иранда жалғастырады. Футболшы Тегеранның «Персеполис» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады хабарлайды .
Трансферді клубтың баспасөз қызметі ресми түрде растады. Мәлімдемеде: «Игорь Сергеев бізбен бірге. „Персеполиске“ қош келдіңіз», — делінген.
Еске салайық, бұған дейін Сергеевтің Иранның «Сепахан» клубына ауысуға жақын екені туралы қауесеттер тараған еді.
32 жастағы форвард өткен маусымда Өзбекстан Суперлигасында «Пахтакор» құрамында ең нәтижелі ойыншылардың бірі болды: 29 матчта 20 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt деректеріне сәйкес, 2025 жылы Игорь Сергеев елдің ең үздік футболшысы деп танылды, оның болжамды трансферлік құны шамамен 1,2 млн доллар деп бағаланады.
Сергеев 2021–2023 жылдары Қазақстан чемпионатында да өнер көрсетті — «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларының намысын қорғады. Қостанай клубымен бірге ұлттық чемпионаттың алтын медальдарын жеңіп алды.
Қазір «Персеполис» Иран чемпионатында 28 ұпаймен екінші орында келеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!