date

Палиньяның голы «Тоттенхэмге» 2026 жылғы алғашқы жеңісті сыйлады

Палиньяның голы «Тоттенхэмге» 2026 жылғы алғашқы жеңісін сыйлады

Португалиялық жартылай қорғаушы Жоау Палиньяның голы «Тоттенхэмге» 2026 жылғы алғашқы жеңісін сыйлады. Лондондықтар өз алаңында турнир кестесінің соңғы сатысында келе жатқан «Вулверхэмптонды» 1:0 есебімен жеңді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Кездесудің соңғы минуттарында бұрыштамадан асырылған доптан кейін туындаған қарбаласта Палинья жақын қашықтықтан қақпаны дәл көздеді. Бұл жетістік «шпорлардың» 16 ойынға созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойып, команданың элитада қалу мүмкіндігін сақтап қалды.


«Бұл жеңіс мен үшін, жанкүйерлер мен бүкіл клуб үшін үш ұпайдан да маңыздырақ», — деді Палинья ойыннан соң. Соған қарамастан, команда әлі де қауіпті аймақта қалып отыр және «Вест Хэмнен» екі ұпайға қалып келеді.

Палинья 2024 жылы «Фулхэмнен» «Баварияға» 51 млн еуроға ауысқан болатын. Алайда Мюнхен клубында Винсент Компанидің қол астында аз ойын тәжірибесіне ие болғандықтан, ол 5 млн еуроға «Тоттенхэмге» жалға берілді.


Қазіргі уақытта Лондон клубы футболшыны 25 млн еуроға сатып алу құқығына ие. Мәліметтерге сәйкес, «Тоттенхэм» басшылығы бұл бағаны төмендету бойынша «Бавариямен» келіссөздер жүргізуде.

Футболшының болашағы команданың Премьер-лигада қалу-қалмауына байланысты болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Палиньяның голы «Тоттенхэмге» 2026 жылғы алғашқы жеңісті сыйлады