Испания мен Мысыр арасындағы матчта жанкүйерлер діни кемсітушілікке жол берді

Испания және Мысыр құрамалары арасындағы жолдастық кездесу (0:0) кезінде жанкүйерлердің орынсыз іс-әрекеттері футбол әлемінде шұғыл наразылықтар тудырды. Стадионға келген испандық жанкүйерлер қарсылас командаға қарата діни сипаттағы балағат сөздер айтып айқайлаған.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда жанкүйерлердің «секірмеген адам — мұсылман» деген мазмұндағы айқайлары анық естілген. Бұл жағдайға Испания құрамасы мен «Барселона» клубының жұлдызы Ламин Ямаль өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді.
Футболшы өзінің де мұсылман екенін атап өтіп, мұндай әрекеттерді құрметсіздік және қабылданбайтын жағдай деп атады.
«Кеше стадионда естілген айқайлар жеке маған бағытталмағанын білсем де, мұсылман ретінде мұны қорлау деп қабылдаймын. Футбол адамдарды сенімі үшін кемсіту емес, керісінше ләззат алу және бірігу үшін қызмет етуі керек», — деді Ламин Ямаль өз мәлімдемесінде.
Оның командаласы Педри де бұл жағдайға таңғалғанын және футболшылар нәсілшілдіктің кез келген түріне қарсы екенін мәлімдеді. Ал құраманың бас жаттықтырушысы Луис де ла Фуэнте мұндай тұлғаларды қоғамнан оқшаулау және стадиондардан біржола шеттету қажеттігін атап өтті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!