Клопп Александер-Арнольдқа айтылған сынға жауап берді

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп команда қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтың шеберлігін жоғары бағалады. Маман футболшының ойын стилі оң қанаттағы қорғаушы үшін бірегей екенін атап өтті.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Клопптың айтуынша, 23 жастағы футболшының допқа иелік ету, пас беру және жылдам шешім қабылдау қабілеті таңғалдырарлық деңгейде. Бапкер футболшының Англия құрамасының сапынан тыс қалуына және оның қорғаныстағы іс-қимылдарына қатысты айтылып жатқан сынмен келіспейтінін білдірді.
«Егер ол нашар қорғаушы болса, алаңға шықпас еді. Әлемдік деңгейдегі талант иесін оның мықты емес тұстарына қарап бағалайтындарын түсінбеймін.
Ол барлық процестерге қатысады және өз міндетін жақсы атқарып жүр», — деді Клопп.
Еске сала кетейік, Александер-Арнольд Англия құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы Италия мен Германияға қарсы ойындарында алаңға шыққан жоқ. Құрама бапкері Гарет Саутгейт футболшының жалпы ойын деңгейі бәсекелестерінен артта қалып жатқанына ишара жасаған болатын.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!