date

БАҚ: Коул Палмер «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Коул Палмер "Манчестер Юнайтед" сапына ауысуы мүмкін.

Коул Палмердің «Манчестер Юнайтедке» ауысуы туралы қауесеттер көбейіп келеді. Бұрынғы футболшы Джо Коулдың айтуынша, жас жұлдыздың «Челсиден» кетуі команданың Чемпиондар лигасына жолдама алуына тікелей байланысты.

«Челси» ағымдағы маусымда Чемпиондар лигасының жолдамасын иелене алмаса, бұл клуб үшін ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін. Атап айтқанда, Энцо Фернандес те болашақта Мадридке ауысу ниетін жасырмай отыр.

Ал 23 жастағы Палмер өзінің туған қаласы Манчестерге оралуды жоспарлап жүргені айтылуда.

Палмер «Ман Сити» академиясында тәрбиеленгенімен, бала кезінен «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері болған. «Челси» өзінің басты жұлдызына айналған футболшыны оңайлықпен жібермейтіні анық және оның трансфері үшін қомақты қаражат талап етеді.

Джо Коул бұл туралы былай деді: «Біз оның «Челсиде» қалғанын қалаймыз. Бірақ клуб футболшыларға қажетті деңгейді ұсына алмаса, олардың ойы өзгеруі заңдылық.

Палмер жоғары деңгейде ойнағысы келеді, сондықтан бәрі Чемпиондар лигасына байланысты».

Англия құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының тізімінен орын алуы күтіліп отырған Палмер «Челсимен» 2033 жылға дейін келісімшартқа отырған. Ол лондондық клуб сапында 126 ойында 53 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » БАҚ: Коул Палмер «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін