Компани «ПСЖ»-ға қарсы ойында Дэвисті негізгі құрамға қосты

«Бавария» бас бапкері Венсан Компани Чемпиондар лигасы аясында «ПСЖ»-ға қарсы өткен ойында күтпеген шешім қабылдады. Ол сол қанаттағы қорғаныста Конрад Лаймердің орнына Альфонсо Дэвисті негізгі құрамда алаңға шығарды.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Бұл шешім көпшілікке Пеп Гвардиоланың маңызды ойындардағы тактикалық өзгерістерін еске түсірді. Лаймер мен Йосип Станишич осы маусымда команданың ең маңызды ойыншыларының бірі болып келген еді.
Бірінші таймның соңында Дэвис өз айып алаңында допты қолымен ойнады. Нәтижесінде Усман Дембеле пенальтиді сәтті орындап, «ПСЖ»-ны алға шығарды.
Соған қарамастан, канадалық қорғанысшы ойын барысында сенімді әрекет етті. Оның пастарының дәлдігі 96 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша командадағы ең үздік нәтижені тіркеді.
Үзілістен кейін Дэвистің орнына алаңға шыққан Лаймер болса, өзін толық көрсете алмады. Оның пастарының дәлдігі небәрі 74 пайызды құрап, қорғаныста қателіктерге бой алдырыды.
Келесі аптада Мюнхенде өтетін қарымта кездесуде қанаттағы қорғаушылар позициясы үшін бәсекелестік одан әрі күшейеді деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!