date

«Манчестер Юнайтед» Леау үшін «Миланға» үш футболшысын ұсынбақшы

"Манчестер Юнайтед" клубы Леау үшін "Миланға" үш футболшысын ұсынбақшы

«Манчестер Юнайтед» клубы «Милан» шабуылшысы Рафаэль Леауды өз сапына қосып алу шараларын жүргізуде. Ағылшын командасы трансфер құнын төмендету мақсатында өзінің негізгі құрамындағы бірнеше футболшысын ұсынуға дайын.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, манкуниандықтар сол қанатты күшейту үшін Леауды басты нысана ретінде белгілеген. Олар бұл мәмілеге Мануэль Угарте, Маркус Рэшфорд немесе Джошуа Зиркзені қосуды жоспарлап отыр.


«Милан» әдетте өз жұлдыздары үшін тек ақша талап етеді. Дегенмен, Англия Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі футболшыларды алу мүмкіндігі келіссөздер бағытын өзгертуі мүмкін.

Леаудың қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жоспарланған.

Португалиялық футболшының келісімшартында 175 миллион еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілген. Соған қарамастан, «Милан» басшылығы келіссөздерді шамамен 50 миллион еуро төңірегінде бастауға қарсы емес.

26 жастағы вингердің клубпен қарым-қатынасы біршама салқындаған.

Зиркзе нұсқасы «Милан» үшін ерекше қызықты болады деп күтілуде. Нидерландылық шабуылшы Англияға ауысқанға дейін де италиялық клубтың назарында болған.

Ол ағымдағы маусымда жеткілікті ойын практикасына ие болмай жүр.

Рэшфорд қазіргі уақытта «Барселона» сапында жалдау негізінде өнер көрсетуде және оның болашағы сауал астында қалып отыр. Ал Угарте негізгі құрамнан тыс қалды және оның агенті Жорже Мендеш клиентіне Еуропадан жаңа команда іздестіруде.

Егер Леау командадан кетсе, «Миланға» шабуыл шебін қайта құруға тура келеді. Клуб келесі маусым үшін «Атлетико» шабуылшысы Александр Сёрлотты басты үміткерлер қатарына қосқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Манчестер Юнайтед» Леау үшін «Миланға» үш футболшысын ұсынбақшы