date

Арбелоа қиын маусымға қарамастан футболшыларды қорғады

Арбелоа қиын маусымға қарамастан футболшыларды қорғады

Мадридтің «Реал» клубында маусым күтілгендей өтіп жатқан жоқ. Қаңтар айында команда тізгінін ұстаған бас бапкер Альваро Арбелоа қиын жағдайда жұмыс бастағанына қарамастан, әзірге нәтижелер күтілген деңгейге жеткен жоқ.

«Корольдік клуб» Чемпиондар лигасында күтілген табысқа жете алмады, Испания кубогынан ерте шығып қалды және Ла Лигада басты қарсыласы «Барселонадан» айтарлықтай қалып қойды.

Осындай күрделі жағдайда командадағы ахуал мен футболшылардың психологиялық жай-күйі де үлкен маңызға ие. Баспасөз мәслихатында журналистер Арбелоадан осы сәтсіз нәтижелер аясында футболшыларға деген көзқарасы өзгерген-өзгермегені туралы сұрады.

Испаниялық маман бұл сұраққа нақты әрі қатаң жауап берді. Оның айтуынша, ол ешқашан футболшылардан көңілі қалмаған және оларды үнемі қолдауды өзінің басты міндеті деп санайды.

«Әрине, жоқ. Мен футболшыларды көпшілік алдында қорғаймын.

Менің нәтижем де, тағдырым да олардың күн сайын көрсетіп жатқан ойынына байланысты. Бұл — әрбір бапкердің парызы.

Командадағы көптеген футболшылармен өте жақын қарым-қатынастамын. Барлық мәселелер команда ішінде шешілуі керек.

Мен әрдайым олардың бірінші қорғаушысы болып қала беремін», — деді Арбелоа.

Бұл сөздер команда ішіндегі сенім мен бірлікті сақтап қалуға бағытталғанын көрсетеді. Өйткені ауыр маусымда дәл бапкердің ұстанымы мен футболшыларға деген сенімі шешуші маңызға ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал Мадрид» келесі турда өз алаңында «Эспаньолды» қабылдайды. Бұл кездесу команда үшін тек үш ұпай ғана емес, психологиялық тұрғыдан да маңызды.

Ендігі сұрақ — Арбелоа команданы дағдарыстан шығара ала ма? Әлде маусым «Реал» үшін күтпеген жағдайда аяқтала ма?

Жауабын алдағы ойындар көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арбелоа қиын маусымға қарамастан футболшыларды қорғады