date

Энрике «Бавариямен» ойын алдында негізгі құрамға демалыс берді

Энрике «Бавариямен» ойын алдында негізгі құрамға демалыс берді

Париждің «ПСЖ» клубы Франция чемпионаты аясында «Лорьянмен» кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Команданың бас бапкері Луис Энрике «Баварияға» қарсы Чемпиондар лигасының жартылай финалдық қарымта кездесуі алдында негізгі құрамның тоғыз ойыншысын өзгертті.

Атап айтқанда, Усман Дембеле мен Хвича Кварацхелия қосалқы құрамда қалдырылды, ал Витинья тізімге мүлдем енгізілмеді. Олардың орнына 19 жастағы қақпашы Ренато Марин мен жас қорғаушы Пьер Мунгенге секілді жаңа есімдер алаңға шықты.

Кездесу париждіктер үшін сәтті басталды. Ибрахим Мбайенің жылдам голынан кейін алаң иелері алға шықты.

Алайда, Пабло Пагис көп ұзамай таразы басын теңестірді.

Екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан қосылған Уоррен Заир-Эмери «ПСЖ-ны» қайта алға шығарды. Дегенмен, жас қорғаушы Мунгенгенің қателігінен кейін Айегун Тосин есепті екінші рет теңестірді.

Ойын соңында төреші париждіктердің пайдасына пенальти белгіледі, бірақ VAR араласқаннан кейін бұл шешімнің күші жойылды. Осы тең ойыннан кейін «ПСЖ» мен оның ең жақын қарсыласы «Ланс» арасындағы ұпай айырмашылығы жеті ұпайды құрап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Энрике «Бавариямен» ойын алдында негізгі құрамға демалыс берді