date

Хамес Родригес Minnesota United клубынан кетіп, мансабын аяқтауы мүмкін

Хамес Родригес Minnesota United клубынан кетіп, мансабын аяқтауы мүмкін

Колумбиялық жұлдыз Хамес Родригестің Minnesota United клубындағы сәтсіз кезеңі аяқталуға жақын. Apple TV және The Athletic хабарлауынша, жартылай қорғаушы келесі аптада ұлттық құрамаға қосылады және Әлем чемпионатынан кейін клубқа оралмайды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

34 жастағы футболшы ағымдағы маусымда клуб сапында небәрі төрт рет қана алаңға шықты. Minnesota United басшылығы келісімшартты ұзарту құқығына ие болғанымен, тараптар ынтымақтастықты тоқтатуға жақын. Хамес сәрсенбі күні Colorado Rapids-ке қарсы ойыннан кейін командадан кетеді деп күтілуде.

Колумбиядан келген ақпараттарға сәйкес, Хамес Родригес Әлем чемпионатынан кейін кәсіби футболшылық мансабын аяқтауды ойластыруда. Бұл турнир оның соңғы ірі жарысы болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Хамес өз кезінде Real Madrid сапында жарқырағанымен, соңғы жылдары клубтық деңгейде тұрақты ойын көрсете алмай келеді. Ол Everton, Al-Rayyan және Leon секілді командаларда да өнер көрсетті, бірақ ешқайсысында ұзақ тұрақтай алмады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хамес Родригес Minnesota United клубынан кетіп, мансабын аяқтауы мүмкін