date

2026 Hokkeyden Әлем чемпионаты: Канада чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты

Швейцарияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан командалар анықталды. Ширек финалдық кездесулер тартысты әрі тосын нәтижелерге толы болды. Ең басты оқиғалардың бірі — қазіргі чемпион АҚШ құрамасының турнирден шығып қалуы.

Канада ширек финалда АҚШ-ты 4:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл нәтиже канадалықтарды жартылай финалға алып шықты, ал қазіргі чемпиондар жарысты осы кезеңде аяқтауға мәжбүр болды. Канада бұл жеңіс арқылы чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Финляндия да жартылай финал жолдамасын иеленді. Финдер Чехияны 4:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Ал турнир қожайыны Швейцария өз жанкүйерлерінің алдында Швецияны 3:1 есебімен жеңіп, сәтті жорығын жалғастырды.

Тағы бір ширек финалда Норвегия Латвияны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 30 мамырда өтетін жартылай финалда Канада Финляндиямен, ал Швейцария Норвегиямен кездеседі. Чемпиондық жолындағы тартыс енді қыза түспек — бұл кезеңде әр шайба алтынға бергісіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » 2026 Hokkeyden Әлем чемпионаты: Канада чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты