date

WhatsApp iOS 26 үшін Liquid Glass стилінде жаңартылды

WhatsApp iOS 26 үшін Liquid Glass үлгісінде жаңартылды

Meta компаниясы WhatsApp-тың iOS үшін жаңа нұсқасын — 25.28.75 (iOS 26) жаңартуын шығарды. Негізгі өзгеріс — қосымша дизайнда Liquid Glass үлгісінің пайда болуы, деп хабарлайды Rozetked.me сайты.

Енді мессенджер интерфейсі Apple жүйесіндегі “шыны” көрініске ұқсайды — элементтер сәл жарық өткізеді, көлеңкелері мен түстері тірі көрінеді.

Сонымен қатар, компания бұл жаңарту туралы ресми мәлімдеген жоқ, бірақ ол қазірдің өзінде кейбір қолданушыларда іске қосылған. Көрініп тұрғандай, жаңарту әзірге сынақ түрінде немесе кезең-кезеңімен таратылып жатқан болуы мүмкін.

Осыған ұқсас Liquid Glass дизайны бұған дейін Google Chrome (iOS 141) нұсқасында пайда болған еді. Сондай-ақ, дәл осындай үлгідегі интерфейс Telegram үшін де дайындалып жатқаны хабарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » WhatsApp iOS 26 үшін Liquid Glass стилінде жаңартылды