date

NVIDIA процессорлары Қытайға контрабанда жолымен жеткізілген

NVIDIA процессорлары Қытайға контрабанда жолымен жеткізілген

Тайландтың жасанды интеллект жөніндегі ұлттық бастамасымен байланысты компания Қытайға Super Micro Computer серверлері мен заманауи NVIDIA графикалық процессорларын заңсыз кіргізді деген күдікке ілінді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, осы схема арқылы жеткізілген технологияларды Alibaba Group Holding те пайдаланған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

АҚШ прокуратурасының мәліметінше, Super Micro Computer негізін қалаушылардың бірі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы белгісіз фирмаға NVIDIA чиптері орнатылған серверлерді сатып алу бойынша тапсырма берген. 2024 және 2025 жылдар ішінде бұл фирма 2,5 миллиард долларлық сервер сатып алған.

Тергеу барысында прокуратура «Компания-1» деп атаған фирманың шын мәнінде Бангкокта орналасқан OBON Corp компаниясы екені анықталды. Бұл жағдай АҚШ-тың Қытайға қатысты енгізген технологиялық экспорттық шектеулерін айналып өту әрекеті ретінде бағалануда.

Қазіргі уақытта тиісті органдар бұл заңсыз сауда тізбегін зерттеп жатыр. NVIDIA компаниясы өз өнімдерінің экспорттық бақылау ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » NVIDIA процессорлары Қытайға контрабанда жолымен жеткізілген