date

YouTube Трампқа 24,5 миллион доллар төлейді

YouTube Трампқа 24,5 миллион доллар төлейді

CNN-нің хабарлауынша, YouTube АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты сот ісін үлкен төлеммен аяқтауға келісті. 6 январь 2021 жылы болған оқиғалардан кейін Трамп бірқатар әлеуметтік желілерде, соның ішінде YouTube платформасында да бұғатталған еді.

Мәліметтерге қарағанда, компания Трамп қолдап-қуаттайтын Trust for the National Mall беймемлекеттік ұйымына 22 миллион доллар бөледі. Бұл ұйым Вашингтондағы National Mall алаңын қалпына келтіруді және Ақ үй аумағында арнайы зал салуды қолдайды. Сондай-ақ, YouTube тағы 2,5 миллион долларды басқа үміткерлерге, соның ішінде American Conservative Union ұйымына төлейді.

Айта кетейік, YouTube Трамп сотқа берген үш ірі әлеуметтік желінің соңғысы болды. Бұған дейін Meta корпорациясы қаңтарда 25 миллион доллар төлеп, дауды шешкен, ал Twitter (қазіргі X) ақпанда 10 миллион долларлық келісімге қол жеткізген еді.

Әлеуметтік желілер Трамптың кейбір жазбалары зорлық-зомбылыққа шақыруы мүмкін екенін айтып, оның аккаунттарын бұғаттағанымен, қазір технологиялық компаниялар оған және оның жақтастарына жылырақ қарайды.

Атап айтқанда, Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін Трамптың аккаунтын қалпына келтірді. Кейінірек Meta мен YouTube те осылай істеді. Жақында YouTube жалған ақпарат таратқаны үшін бұғатталған кейбір аккаунттарды қайта белсендіретінін жариялап, консервативті пікірлерге құрметпен қарайтынын білдірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » YouTube Трампқа 24,5 миллион доллар төлейді