date

Израиль премьер-министрі Дохада болған әуе шабуылы үшін кешірім сұрады

Израиль премьер-министрі Дохада болған әуе шабуылы үшін кешірім сұрады

Қатар Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ сапары барысында Қатар басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, 9 қыркүйекте Дохада болған әуе шабуылы үшін кешірім сұрады.

Атап өткендей, сұхбат Ақ үйдегі кездесу кезінде өтті. Нетаньяху мұндай соққылар қайталанбайтынына уәде берді. Ал Қатар Премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге жол берілмейтінін қатаң айтты.

Хаттамада айтылғандай, АҚШ президенті Дональд Трамп Катардың аймақтық және халықаралық делдалдық рөлін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Қатар Газадағы соғысты тоқтату бойынша Трамп бастамасындағы іс-әрекеттерге қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты: ХАМАС саяси бюросының мүшесі Халил әл-Хаидің ұлы, төрт мүше және бір полиция қызметкері. Кейінірек Нетаньяху мұндай оқиғалардың алдын алу үшін шаралар қабылданғанын айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Израиль премьер-министрі Дохада болған әуе шабуылы үшін кешірім сұрады