АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп соңғы бір тәулікте жеті украин баласы мен бір ресейлік қыз өз отбасына қайтарылғанын хабарлады. Бұл туралы ол бейнеүндеуінде айтты. Бейнежазба Ақ үйдің ресми YouTube арнасында жарияланды.
Мелания Трамптың айтуынша, Ресей жағымен байланыс арнасы тамыз айында Аляскада өткен АҚШ және Ресей президенттерінің кездесінен кейін орнатылған. Сол кезде ол Владимир Путинге соғыс салдарынан бөлініп қалған балалар тағдыры туралы хат тапсырған еді. Хатта соғысты тоқтату тек Украина үшін ғана емес, Ресей балаларының амандығы үшін де маңызды екені айтылған.
«Ол маған жазбаша жауап берді және тікелей байланыс орнатуға дайын екенін білдірді. Осылайша біз Ресейдегі украин балалары туралы ақпарат алмаса бастадық», — деді АҚШ-тың бірінші ханымы. Оның сөзінше, екі ел арасында “ашық байланыс арнасы” құрылды.
Соңғы үш айда Меланияның тобы Ресей өкілдерімен бірнеше рет кездесіп, балаларды отбасыларымен қайта қауыштыру мәселесін талқылаған. Ресей тарапы бұл процеске қатысқан балалардың деректерін, суреттерін және оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек түрлерінің тізімін ұсынған.
Трамптың айтуынша, Ресей бұл процессте ашықтық танытқан және берілген ақпарат АҚШ үкіметінің тиісті органдары тарапынан расталған. Сондай-ақ Украина Жоғарғы Радасының Адам құқықтары жөніндегі өкілі мен Президенттің балалар істері жөніндегі уәкілі де тексеруге қатысқан.
Мелания Трамп Ресейдің әлі де өз аумағында жүрген 18 жасқа толмаған украин жасөспірімдерді отанына қайтаруға келісім бергенін атап өтті.
«Біз алдағы апталарда балалардың тағы бір тобын отбасыларымен қауыштыруды жоспарлап отырмыз. Бейбітшілік мүмкіндігінше тезірек орнайды деп сенемін», — деді АҚШ-тың бірінші ханымы.
Бұл мәлімдеме әлемдік БАҚ-та үлкен қызығушылық тудырды — сарапшылар Мелания Трамп пен Путин арасындағы диалог халықаралық дағдарыс аясында жаңа дипломатиялық парақ ашуы мүмкін екенін айтты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!