date

"Қайырымдылық кемесі" Газаға көмектесіп, Эль-Ариш портына жетті

"Қайырымдылық кемесі" Газаға көмектесіп, Эль-Ариш портына жетті

Газа секторына Түркиядан гуманитарлық көмек жеткізіп жатқан 17-"Қайырымдылық кемесі" бүгін түсте Египеттің Эль-Ариш портына жетті.

900 тоннаға жуық азық-түлік әкелген "Акдениз" кемесі 14 қазанда Түркияның оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Мерсин халықаралық портынан жолға шыққан.

Бұл көмек жүгі Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы (AFAD) мен 17 азаматтық қоғам ұйымының қолдауымен дайындалды. Жүктің құрамында негізінен азық-түлік, консервілер және балаларға арналған арнайы азық-түлік бар.

Кеме Эль-Ариш портына келгеннен кейін AFAD өкілдері тарапынан ресми түрде қабылданады деп күтілуде. Мәліметтерге қарағанда, 2023 жылдың 7 октябрінен бері Түркия Газаға 14 ұшақ пен 16 кеме арқылы гуманитарлық көмек жіберген.

AFAD хабарлағандай, 17-"Қайырымдылық кемесі" Түркияның Газа халқына көрсетіп жатқан көмегімен жаңа кезеңді бастап жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » "Қайырымдылық кемесі" Газаға көмектесіп, Эль-Ариш портына жетті