date

43 жылға қате түрмеде отырған американдық азамат қайтадан қамауға алынды

43 жылға қате түрмеде отырған американдық азамат қайтадан қамауға алынды

АҚШ-та әділетсіздік құрбаны болған 64 жастағы Субраманьям Ведамның тағдыры қайтадан қоғам назарын аударды. Ол 43 жыл бойы жазықсыз түрмеде отырып, босатылған соң көп ұзамай қайта қамауға алынған. Бұл туралы LADbible хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Ведам 1980-жылдары өзінің 19 жастағы бұрынғы бөлмелесі Том Кинсердің өліміне байланысты тұтқындалған. Жоғалып кеткен студенттің мәйіті тоғыз айдан кейін табылып, Ведам басты күдікті ретінде ұсталған. Сот оны шартсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Қырық жылдан астам уақыт өткен соң жаңа дәлелдер оның кінәсіз екенін дәлелдеді. Биылғы жылдың басында сот оны ақтап, бостандыққа шығарды. Алайда ер адам отбасы мүшелерімен кездесуге де үлгермей, АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) агенттері тарапынан қайта тұтқындалды.

ICE мәлімдемесіне сәйкес, ол депортация процесі аяқталғанға дейін қамауда қалады. Белгілі болғандай, Ведам Үндістанда туған және небәрі тоғыз айлық кезінде АҚШ-қа әкелінген. Енді оны отанына қайтару мүмкіндігі бар.

Оның туыстары бұл жағдайға қатты күйзеліс білдіріп, “бостандыққа шыққан соң оны құшақтауға да үлгермедік” деді.

Заңгерлер бұл оқиғаны АҚШ сот жүйесіндегі ең өкінішті қателіктердің бірі және “еркіндіктің қайта тартып алынуы” деп сипаттады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » 43 жылға қате түрмеде отырған американдық азамат қайтадан қамауға алынды