date

Блогер болу үшін диплом керек: Қытайда қатаң тәртіп орнатылды

Блогер болу үшін диплом керек: Қытайда қатаң тәртіп орнатылды

Қытайда әлеуметтік желі блогерлері үшін жаңа ережелер күшіне енді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, медицина, заң, білім және қаржы сияқты салаларда контент жариялағысы келетін блогерлер немесе инфлюенсерлер алдымен арнайы біліктілігі мен рұқсаты бар екенін растауы керек.

Бұл заңды Қытайдың Киберқауіпсіздік басқармасы (CAC) интернеттегі жалған және бұрыс ақпаратқа қарсы күрес аясында енгізді. Мақсат - "қоғамдық әсері жоғары салаларда сенімді ақпарат айналымын қамтамасыз ету."

Жаңа ережелерге сәйкес:

Douyin, Bilibili және Weibo сияқты ірі платформалар енді блогерлердің мәліметтерін растау, дереккөздерді көрсету және дәйексөздерді дұрыс беру үшін жауапты болады;

ал авторлар контенттегі ақпараттың зерттеуге негізделгенін немесе жасанды интеллект арқылы жасалғанын нақты көрсетуі керек;

азық-түлік, медициналық қоспалар мен қызметтерге қатысты жасырын жарнамаға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ, платформалар денсаулық пен қаржылық қауіпсіздікке әсер ететін жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін бақылауды күшейтеді. Ережелерді бұзған блогерлер мен компаниялар айыппұл төлеуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Блогер болу үшін диплом керек: Қытайда қатаң тәртіп орнатылды