date

Өмірді 150 жылға дейін ұзарта алатын таблетка жасалды

Өмірді 150 жылға дейін ұзарта алатын таблетка жасалды

Қытай ғалымдары адамның өмірін едәуір ұзартуға қабілетті таблеткаларды жасау үстінде, деп жазады The New York Times.

Мәліметтерге қарағанда, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында орналасқан Lonvi Biosciences стартапы қартаю процесін баяулату және ұзақ өмір сүру медицинасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр. Жаңа таблеткалардың негізгі құрамы – жүзім дәнінен алынған процианидин C1 (PCC1) заты.

Ғалымдар тышқандарға жүргізген тәжірибелерінде қызықты нәтижелерге қол жеткізді. Зерттеулерге сәйкес, бұл зат олардың өмірін орта есеппен 9,4 пайызға ұзартқан, ал белсенді өмір кезеңін шамамен 64 пайызға арттырған.

Lonvi Biosciences компаниясының техникалық директоры Лю Цинхуа бұл технология болашақта адамдарға да қолданылуы мүмкін екенін айтты.
«150 жасқа жету – бұл ғылыми тұрғыда жүзеге асырылатын мақсат. Жақын жылдары бұл шындыққа айналады деп сенемін», – деді ол.

Мамандардың пікірінше, егер тәжірибелер сәтті аяқталса, бұл зерттеу адамзаттың қартаюға қарсы күресіндегі жаңа дәуірдің бастауы болмақ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Өмірді 150 жылға дейін ұзарта алатын таблетка жасалды