date

Түркияда той астан кейін 100-ге жуық қонақ ауырып қалды

Түркияда той астан кейін 100-ге жуық қонақ ауырып қалды

Елдің солтүстік-шығысындағы Трабзон провинциясының Ортахисар ауданында өткен той салтанаты уланумен аяқталды, деп хабарлайды Haber Global.

Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ге жуық қонақ той дастарханында жайылған палаудан кейін өзін нашар сезінген. Олардың барлығында тамақтан улану белгілері - жүрек айнуы, құсу және дене қызуының көтерілуі байқалды.

Уланғандар дереу жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы әзірге тұрақты, бірақ кейбіреулері бақылауда.

Жергілікті денсаулық сақтау органдары оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір улануға нақты қандай өнім себеп болғаны анықталуда.

Сондай-ақ, той аспаздары мен қызмет көрсеткен қызметкерлерден сынамалар алынып, тағам сараптама үшін зертханаға жіберілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Түркияда той астан кейін 100-ге жуық қонақ ауырып қалды