date

Піл деген мысық бес айда 250 шақырым жол жүріп, үйіне оралды

Піл деген мысық бес айда 250 шақырым жол жүріп, үйіне оралды

Испаниядан Францияға дейінгі ұзақ қашықтық - адам үшін де ауыр, ал мысық үшін нағыз ғажайып. Бірақ Филу есімді мысық дәл солай істеді: ол 250 шақырымға жуық жол жүріп, өзінің үйі орналасқан Францияға оралды. Бұл туралы France Info хабарлады.

Филудың иелері Эвелин мен Патрик Сирдің жазда балаларымен Испанияға демалуға барғаны хабарланды. Демалыстан кейін отбасы өткен жылдың тамыз айында өздері тұратын Олонзак коммунасына оралу үшін жолға шықты.

Жолда олар жанармай құю үшін бір бекетке тоқтады. Сол кезде Филу әлдебір жағдайда машинадан түсіп қалды. Ең өкініштісі - отбасы бұл жағдайды бірден байқамаған. Тек кейінірек, жол бойы алыстап кеткен соң, мысықтың жоқ екенін білген.

Олар шұғыл түрде артқа - тоқтап қалған жанармай құю бекетіне оралды. Бірақ ол жерде де Филудан хабар болған жоқ. Іздестірулер нәтиже бермеді және отбасы мысықтың жоғалып кеткені туралы ауыр оймен үйіне оралды.

Арада бақандай бес ай өтті. Ешқандай жаңалық жоқ. Бірақ күтпеген жерден отбасына Олонзак коммунасында тұратын Элен есімді әйел қоңырау шалды.

Әйелдің айтуынша, ол 9 декабрьде Филуды өз ауласында көріп, аяп, оны үйіне алып келіп, күтім жасай бастаған. Мысық осы жерде қоректеніп, пана тапты.

Бір күні Элен Филу жөтеліп жатқанын байқап қалады да, оны мал дәрігеріне апарады. Тексеру кезінде мамандар мысықта арнайы чип бар екенін анықтады. Чиптегі мәліметтер арқылы иелерінің контактісі шығып, Элен Эвелин мен Патрикке хабарласты.

Сөйтіп, жоғалып кетті деп жүрген Филу өз үйіне қайтып оралды.

Ең қызығы, мысықтың 250 шақырым қашықтықты қалай жүріп өткені әлі күнге дейін жұмбақ. Ол жолды жалғыз өзі тапты ма, әлдебір көлікке "ілініп" өтті ме, әлде адамдар көмектесті ме - бұл туралы нақты ақпарат жоқ.

Бір анығы, Филу өз үйіне қайтып келе жатып, ерік-жігер мен "үй сезімі" дегеннің не екенін бүкіл әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Піл деген мысық бес айда 250 шақырым жол жүріп, үйіне оралды