date

Тайландта жабайы пілдер қаупі: 30 адам қаза тапты

Тайландта жабайы пілдер қаупі: 30 адам қаза тапты

Тайландта адамдар мен жабайы пілдер арасындағы қауіпті қақтығыстарды азайту мақсатында пілдер үшін арнайы бақылау вакциналарын қолдану басталды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы елде жабайы пілдерден 30 адам қаза тауып, 29 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Сонымен қатар, пілдер тарапынан егістік алқаптарға зиян келтіруге байланысты 2 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Мамандардың айтуынша, жабайы пілдер санының жылдық өсу қарқыны шамамен 8,2 пайызды құрайды. Бұл әдеттегі орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары. Қазір елде 4 400-ге жуық жабайы піл бар, олардың 800-і жиі қақтығыстар болып тұратын аймақтарда тұрады.

Үкімет АҚШ-та өндірілген вакцинаның 25 дозасын әкеліп, екі жыл бойы 7 үйретілген пілге сынақтан өткізді. Тәжірибелер оң нәтиже бергені айтылады.

Бұл бастама фермерлер тарапынан ормандар кесіліп, ауыл шаруашылығы жерлері кеңейіп жатқан кезде, азық-түлік іздеп, тұрғылықты жерлерге шығып қалған пілдермен байланысты қауіпті жағдайларды жеңілдетуге бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Тайландта жабайы пілдер қаупі: 30 адам қаза тапты