date

Мәскеудегі Савеловск вокзалы алаңында жарылыс болды

Мәскеудегі Савеловск вокзалы алаңында жарылыс болды

Бүгін, 24 февральға қараған түні Ресейдің Мәскеу қаласындағы Савеловск вокзал алаңында жарылыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан 2 адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "Astra" басылымы хабарлады.

Оқиға шамамен 00:05-те болғаны хабарланды. Жарылысты жасаған адам жол-патруль қызметінің қызметкерлеріне жақындап, белгісіз зат жарылған.

Салдарынан 34 жастағы жол-патруль қызметінің аға инспекторы, лейтенант Д.Б қаза тапты. Оқиға кезінде тағы екі қызметкер түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Жарылыс қызметтік көліктің әйнегін сындырып, салон мен басқа да бөліктерге зақым келтірген.

Бастапқыда күдіктінің қашып кеткені айтылғанымен, бақылау камераларының жазбалары мен оқиға орнын тексеру нәтижесінде тергеушілер жарылысты жасаған адамның да қаза тапқаны туралы қорытындыға келді.

Бұл жағдай бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 317-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) және 222.1-бабы (жарылғыш құрылғыларды заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Мәскеудегі Савеловск вокзалы алаңында жарылыс болды