date

АҚШ Иранға 15 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын жібергені белгілі болды

АҚШ Иранға 15 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын жібергені белгілі болды

АҚШ Таяу Шығыстағы қақтығыс пен соғысты тоқтату мақсатында Иранға 15 тармақтан тұратын ауқымды жоспар ұсынды. Бұл ақпаратты 24 наурыз, сейсенбіде The New York Times газеті екі хабардар шенеунікке сүйене отырып таратты. Құжаттың Пәкістан арқылы Иран билігіне жеткізілгені хабарланды.

Израильдің N12 телеарнасының мәліметінше, жоспарда Иранның ядролық қаруды дамытудан бас тартуы, байытылған уран қорларын Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (ХАЭК) тапсыруы және аймақтағы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған.

Axios басылымының хабарлауынша, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Дональд Трампқа Иранның жоспардың бірнеше маңызды тармағын, атап айтқанда, жоғары байытылған уран қорларын тапсыруға келіскенін айтты. Бірақ Тегеранның ресми реакциясы әлі нақты емес және бүгінге дейін жоққа шығармады немесе растамады. Сондай-ақ АҚШ-пен бірлесіп әрекет ететін Израильдің бұл бейбітшілік жоспарына деген көзқарасы да әзірге жарияланбады.

Трамп 23 наурызда Иранмен "нәтижелі келіссөздер" жүргізілгенін және энергетикалық нысандарға соққыларды бес күнге тоқтатуды бұйырғанын хабарлаған еді. Иран бұл мәлімдемені жоққа шығарып, келіссөздер болмағанын мәлімдеді.

Осы орайда Иран Сыртқы істер министрлігі 24 март күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Халықаралық теңіз ұйымына "дос емес" деп бағаланған кемелер, егер Тегеранмен алдын ала келісіп алса, Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. Reuters агенттігі құжатта бұл ережелерді ұстанған кемелер қауіпсіз жүзу құқығын сақтайтыны айтылғанын жариялады.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы қақтығыс пен соғыс салдарынан Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ (СТГ) қорының шамамен 20 пайызының транзитін тоқтатқаны айтылады. Бұл жағдай аймақтағы энергиямен қамтамасыз етуге және жаһандық бағаға айтарлықтай әсер етуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ Иранға 15 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын жібергені белгілі болды