date

Израиль Иранға соққы беруді тоқтатты, бірақ шабуылдар жалғасуда

Израиль Иранға соққы беруді тоқтатты, бірақ шабуылдар жалғасуда

Бүгін, 8 сәуірде Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Иран аумағына соққы беруді тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл ретте Ливан аумағындағы "Хезболла" тобына қарсы әскери іс-қимылдар жалғасатыны хабарланды.

ЦАХАЛ баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемеде бұл шешім саяси басшылықтың тапсырмасы негізінде қабылданғаны атап өтілді. Оның айтуынша, Израиль тарапы Иран бағытында атысты тоқтатқанымен, кез келген қауіп-қатерге немесе ереже бұзушылыққа дереу жауап беруге дайын.

Сонымен қатар, Ливан аумағында "Хезболлаға" қарсы мақсатты құрлық операциялары дәйекті түрде жалғасуда. Әскерилер жағдайды үнемі талдап отыратыны, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданатыны да айтылды.

Ал тыл қолбасшылығы қауіпсіздік жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қорғаныс шараларына қатысты кез келген жаңалықтар туындаған кезде қоғамға жедел түрде хабарланатыны айтылды.

Сондай-ақ, ел азаматтарына ресми нұсқауларды қатаң сақтап, сақтық шараларын бәсеңдетпеу ұсынылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Израиль Иранға соққы беруді тоқтатты, бірақ шабуылдар жалғасуда