date

Титаниктен де асып түсетін әлемдегі ең үлкен әрі сәнді круиз кемесі

Титаникті де артта қалдыратын әлемдегі ең үлкен және сәнді круиз

Титаникті де артта қалдыратын бұл ең үлкен кеменің құрылысына 2 миллиард АҚШ доллары жұмсалған. Ұзындығы 3,5 футбол алаңына тең және ол нағыз жүзіп жүрген қаланы еске түсіреді.

Кемеде 20 палуба бар. Онда тропикалық өсімдіктерге бай орталық парк, үлкен аквапарк, картинг трассасы, 30-дан астам аттракцион және 40-тан астам мейрамхана мен бар орналасқан.

Бұдан бөлек, бес жұлдызды қонақүймен теңесе алатын сәнді нөмірлері де бар.

Бұл лайнер бір уақытта 7 мыңнан астам жолаушы мен 2 мың экипаж мүшесін сыйдыра алады және ол ашық мұхитта бірге жүзіп бара жатқан дерлік 10 мың адамдық алып қала болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Титаниктен де асып түсетін әлемдегі ең үлкен әрі сәнді круиз кемесі