Германияда күйеуіне құмырсқа қышқылын шашқан әйелге қатаң жаза кесілді

Германияда күйеуін құмырсқа қышқылымен өлтірмек болған әйел сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bild хабарлады.
Үкімді Брауншвейг соты шығарғаны белгілі болды. 27 жастағы Вивьен Ф. кісі өлтіруге оқталу және ауыр дене жарақатын келтіру бойынша кінәлі деп танылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың қарашасында болған. Әйел үйінің жертөлесінде 32 жастағы күйеуі Фредерик Ф.-нің үстіне жоғары концентрациялы құмырсқа қышқылын шашып жіберген.
Құқық қорғау органдары қылмыстың артында материалдық мүдде тұрғанын мәлімдеді. Ер адам әйелімен ажырасуды жоспарлаған, ал әйел оның өмірін сақтандыру арқылы 400 мың еуро алуды көздеген.
Сот процесінде Вивьен Ф. айыпты мойындамады. Ол күйеуі жертөледе қышқыл салынған ыдысты байқаусызда аударып алды деп мәлімдеді. Алайда сот бұл уәжді сенімсіз деп тапты.
Шабуыл салдарынан Фредерик Ф. тірі қалғанымен, көру қабілетінен айырыла жаздады. Дәрігерлер оның көз торы қатты зақымданып, өкпе қызметі бұзылғанын хабарлады. Ер адам бірнеше күн жасанды комада жатып, 13 ота жасалды.
Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушіге 250 мың еуро көлемінде өтемақы төлеу міндеттелді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз! Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз