Юлдуз Усмонованың үлкен немересі жанкүйерлерді тәнті етті (видео)

Әнші Юлдуз Усмонованың үлкен немересі әжесі үшін өз қолымен тағам дайындады. Мейірім мен шынайылыққа толы осы сәттер бейнеленген видео әлеуметтік желілерде жарияланып, қысқа уақыт ішінде жанкүйерлердің назарын аударды.
Юлдуз Усмонова немересі дайындаған тағамнан дәм татып көріп, оның өте дәмді шыққанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол немересі Саидті «әжең айналып кетсін» деп еркелетіп, мейіріммен құшақтады. Әже мен немере арасындағы шынайы қарым-қатынас көрермендерге жылы сезім сыйлады.
Аталған видео жанкүйерлер тарапынан жылы қабылданып, көптеген шынайы әрі жағымды пікірлерге себеп болды. Көрермендер Нилуфар Усмонованың үлкен ұлы Саидтің әжесіне деген құрметін, мейірімділігін, әдебін, өзін-өзі ұстауын және кішіпейілдігін ерекше атап өтті. Көпшілік Саидті тәрбиелі әрі тәкаппарлықтан ада жігіт ретінде мақтады.