date

«Шрек» 25 жаста: балалық шақ кейіпкері қайтадан назарда

«Шрек» 25 жаста: балалық шақ кейіпкері қайтадан назарда

Көпшіліктің сүйікті мультфильмдерінің бірі «Шрек» биыл 25 жасқа толды. 2001 жылы экранға шыққан анимациялық фильм сол аттас балалар кітабының желісі бойынша түсірілген.

Мультфильмнің табысынан кейін 2004, 2007 және 2010 жылдары оның 2, 3 және 4-бөлімдері көрермендерге ұсынылып, үлкен қызығушылықпен қабылданды. Қазіргі таңда жанкүйерлер «Шрек 5» премьерасын күтуде – фильм 2027 жылдың жазында экранға шығады деп жоспарлануда.

«Шрек» тек кейіпкерлері мен қызықты әзілдерімен ғана емес, сонымен қатар маңызды өмірлік сабақтарымен де көрермендердің жүрегінен орын алды. Мультфильм арқылы сыртқы келбет адамды толық сипаттамайтыны, нағыз бақыт ақша мен билікте емес екені, ешкім біреудің стандартына сай болуға міндетті еместігі және адал достар кез келген жағдайда қасыңызда болатыны туралы идеялар насихатталады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » «Шрек» 25 жаста: балалық шақ кейіпкері қайтадан назарда