date

Береке – адал еңбекте, жалған саудада емес

Береке – адал еңбекте, жалған саудада емес

Адал еңбек – адамның жүзінде нұр, қолында береке, жүрегінде тыныштық деген сөз. Алайда кейде кейбіреулер оңай жол іздеп, заң мен ар-ожданды шетке ысырып қояды. Мұндай жағдай Қамашы ауданында да орын алды.

Ауданда тұратын С.Ю. сапасыз және тұтынуға жарамсыз май өнімдерін пластик құтыларда сақтап, оны таратуға тырысып, заң талаптарын бұзды. Бұл азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін, қоғам сеніміне нұқсан келтіретін қылық ретінде бағаланды.

Қылмыстық істер жөніндегі Көкдала аудандық соты осы оқиға бойынша істі қарап, Юлдашевті Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186²-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп таныды. С.Ю.-дың әрекеті қылмыс ретінде бағаланып, бірақ ол кінәсін мойындады, ісіне өкініш білдірді және заңның ізгілік қағидаттарына сәйкес жеңілірек жаза — қаржылық айыппұлмен жауапкершілікке тартылды.

Сот оған есептік көрсеткіштің 25 есесі мөлшерінде — 9 миллион 375 мың сум айыппұл тағайындады.

Тағайындалған айыппұл Бюроның Қамашы аудандық бөлімшесі тарапынан толық өндірілді.

Адал жолмен табылған ризық — балаларға денсаулық, отбасына тыныштық, жүрекке жайлылық әкеледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Береке – адал еңбекте, жалған саудада емес