date

Александр Исак жарақатына байланысты «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынға қатыспайды

Александр Исак жарақатына байланысты «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынға қатыспайды

«Ливерпуль» шабуылшысы Александр Исак шап тұсындағы жарақатына байланысты «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынды өткізіп алады. Швециялық футболшы жаттығу кезінде жарақат алған.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Бұл жағдай бас бапкер Арне Слот үшін үлкен жоғалту болды.

26 жастағы шабуылшы «Ньюкаслдан» 130 миллион фунт стерлингке ауысқан болатын. Оның «Энфилдтегі» дебюттік маусымы жарақаттарға байланысты сәтсіз өтуде.

Исак ағымдағы маусымда барлығы 13 ойында алаңға шығып, үш гол соғуға қол жеткізді.

Команданың тағы бір шабуылшысы Уго Экитике де маусым соңына дейін қатардан шықты. Сол себепті «Ливерпуль» «Олд Траффордтағы» маңызды кездесуге негізгі шабуылшысыз аттанады.

Сондай-ақ, Мұхаммед Салах та бұлшықетіндегі жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайды.

Жарақаттар аясында Мұхаммед Салах маусым соңында клубтан кету туралы шешімі жайлы айтты. 33 жастағы мысырлық футболшы бұрынғы капитан Стивен Джеррардпен сұхбаттан кейін түпкілікті шешімге келгенін мәлімдеді.

«Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының жолдамасы үшін маңызды мәнге ие. Майкл Каррик бастаған манкуниандықтар қазан айында «Энфилдте» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Александр Исак жарақатына байланысты «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынға қатыспайды