date

Аршавин: Ресей жақын арада Еуроға немесе әлем чемпионатына қайта оралады

Аршавин: Ресей жақын арада Еуроға немесе әлем чемпионатына қайта оралады

Санкт-Петербургтің «Зениті» мен Лондонның «Арсеналында» ойнаған бұрынғы шабуылшы Андрей Аршавин 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі форматта әлем чемпионатына жолдамалар саны артқандықтан, Ресей құрамасы халықаралық аренаға қайта оралған жағдайда ірі турнирлерге тез шығып кетуі мүмкін. Аршавин «Зениттің» YouTube арнасында: «ӘЧ–2026-ға үлгермейді, бірақ Еуро–2028 болуы мүмкін», деді.

Еске салайық, Ресей құрамасы ФИФА мен УЕФА шешімімен 2022 жылғы ақпаннан бері халықаралық жарыстардан шеттетілген, бұл тыйым әлі де күшінде.

Келесі әлем чемпионаты 2026 жылдың жазында Солтүстік Америкада өтеді. Турнирді АҚШ, Мексика және Канада бірлесіп қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Аршавин: Ресей жақын арада Еуроға немесе әлем чемпионатына қайта оралады