Винисиус пен Фермин Лопес Чемпиондар лигасының апталық құрамында

Чемпиондар лигасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жалпы кезеңнің 7-тур матчтары қорытындысы бойынша аптаның символикалық командасы жарияланды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабар береді.
Апталық құрам мынадай болды: Цолакис («Олимпиакос») — Порро («Тоттенхэм»), Гундерсен («Будё-Глимт»), Ван Дейк («Ливерпуль»), Джафаргулиев («Қарабақ»), Тюрам («Ювентус»), Наварро («Атлетик»), Фермин Лопес («Барселона»), Симеоне («Атлетико»), Винисиус («Реал»), Суарес («Спортинг» Лиссабон).
7-турдан кейін Чемпиондар лигасында 15 команда плей-офф жолдамасын қамтамасыз етті. «Арсенал» мен «Бавария» тікелей 1/8 финалға өтті.
Жалпы кезеңнің 8-тур матчтары 28 қаңтар күні өтеді.



















Пікірлер 0
…